14 сәуір мен 1 маусым аралығында Орал қаласында санитарлық-экологиялық акциясы басталады. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте қала әкімі Мұрат Мұқаев мәлімдеді.
-Биыл қыс айлары ұзаққа созылып кетті. Наурыз айында қардың қалың түсуіне, жердің тоңы түспеуіне байланысты комунналдық мекеме қызметкерлеріне күндіз-түні бел жазбай, еңбек етуге тура келді. Осындай үлкен жұмыстың нәтижесінде бірде-бір үйге су кірген жоқ. Сол үшін барлық коммуналды қызметкерлер мен қала тұрғындарына ризашылығымды білдіремін. Жыл сайынғы дәстүрге сай 14 сәуірде жалпықалалық сенбілік басталады, - деп сөзін сабақтаған шаһар басшысы «Қаланың тазалығы-сенің қолыңда!» атты ұранмен өтетін сенбілікке қала тұрғындарын белсенді қатысуға шақырды.
Сенбілік барысында қыстан шыққан күл-қоқыстарды жинау, ағаш-көшеттерді қиып, түптерін ақтау, абаттандыру, көгалдандыру, өзге де жұмыстар жүргізілмек.
Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ,
«Орал өңірі»