17.04.2018, 12:39
Оқылды: 46

Тасқалалық спортшылар намысты қолдан бермеді

Мəскеу қаласында жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен өткен халықаралық турнирге Қазақстан, Дагестан, Ресей, Әзірбайжан, Армения, Тулла, Шешенстан елдерінен барлығы 900-ден астам спортшы қатысты.

Тасқала ауданының намысын қорғап барған аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары  Аян Бисен, Арман Бекмурзин, Арман Сапарғали, Амир Сапарғали, Дамир Сырымов, Санжар Ерболат намысты қолдан бермеуге тырысты.

Нәтижесінде 23 келі салмақта белдескен Аян Бисен ІІ орын алса, 30 келіде Арман Бекмурзин ІІ орын, Арман Сапарғали ІІІ орын еншілеп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале