18.04.2018, 12:12
Оқылды: 47

БҚО: спорт ардагерлерінен құралған құрама жүлделі оралды

Қостанайда академик Шайсұлтан Шаяхметовты еске алуға арналған самбо күресінен спорт шеберлері арасындағы республикалық чемпионат өтті. Бұл жайлы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.

Жарысқа еліміздің әр облысынан келген 197 спортшы қатысты.

Жалпы БҚО спорт ардагерлері 10 алтын, 6 күміс, 7 қолаға ие болды. Сонымен қатар осы жарыста алғаш рет абсолюттік чемпионға белдік тігілген болатын. Бұл сында жерлесіміз Еділ Үсенов жеңіске жетті.

Облыс ардагерлері арасындағы самбо күресінен аға жаттықтырушы Қазболат Құрмашевтің айтуынша, өңірде бұл спорт түрімен 120-дан астам адам айналысады. Енді батысқазақстандық спортшылар Мароккода (Касабланка қаласында) өтетін әлем чемпионатына дайындалады.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале