26.04.2018, 13:45
Оқылды: 50

Ақжайық ауданында көше мерекелері өтуде

IMG_2724Ақжайық ауданының ауылдарында көше мерекелерін өткізу берік дәстүрге енуде.

Мерген ауылдық округінің орталығында Дәулеткерей Шығайұлы мен Мұхтар Әуезов атындағы көшелер мерекесі ұйымдастырылды. Бұл шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Армат Хайруллин қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ол осындай күннің рухани байлығымыздағы орны ерек екенін баяндады. Ауылнай Мәмбетқали Сағаденов соңғы кезде тұрғындардың туған жердің ырыс-құты үшін ынтымағын, ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында осындай мереке ұйымдастыру дәстүрге айналғанын, атажұртты ажарландыруға жұмыла түсудің маңызын атап көрсетті. Қариялар жұртты еселі еңбекке, ауыл тағдыры үшін мүдделілікке шақырды.

Мерекені ұйымдастырушылардың бірі, мұғалім Зәбира Борашева ақжаулықты әжелер, аналар Мәрия Лұқпанова, Ұлболсын Қожағұлова, Зәуреш Зілманова, Ізғайша Қыстаубаева, Айғаным Қуанышқалиева, Назира Қыстаубаева, Қалипа Өтебаеваға, Ұлда Жұмашева, Майра Меңдіғарина және Жұмағыз Есееваны, сондай-ақ байырғы тұрғын Нұрым Ихсановты қошеметтеп, оларға естелік сыйлықтар тапсырды. Ауыл тазалығын сақтауда үлгі көрсеткендері үшін «Ең үлгілі аула» аталымымен Нәсіпқали Жұмашев пен Василий Зелензовтың отбасылары көтермеленді. Басқа да аталымдар тапсырылды.

Осы күн құрметіне спорттық ойындар өтіп, үлкен-кіші көркемөнерпаздар ән әуелетті, билер орындады.

Нұрхат МАҒЗОМОВ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале