11.05.2018, 11:49
Оқылды: 42

Ақжайықтық «Ай-дарын» би тобы бас жүлдемен оралды

 

IMG_1565Ақжол ауылдық округінің орталығы – Ілбішіндегі Мәдениет үйінде «Ай-дарын» би үйірмесінің ашылғанына көп болған жоқ.

Алайда жас маман Айдана Жүсіпқалиева жетекшілік ететін балғын бишілер алты айда көптеген жетістіке жетіп үлгерді. Жақында олар Алматы қаласында өткен «Бақытты елдің ұрпағы» қорының ұйымдастыруымен өткен «Біз бақытты баламыз!» атты Халықаралық байқауға қатысты. 12 би ұжымы қатысқан осы үлкен шарада «Би» номинациясы бойынша бас жүлдеге ие болып, ауыл-елді қуантты. Топ Алматы сахнасында «Құрбы қыздар» (А.Жүсіпқалиеваның авторлық биі) атты биді орындады.

Ілбішіндегі Қаршы орта мектебінің шәкірттерінен іріктелген бұл бишілердің сапарына «Сахарный» мұнай қыздыру бекетінің басшысы Әнуар Өтемісов пен инженер-механигі Есей Кәлемтаев, басқа да қызметкерлер демеушілік жасады.

Өз ісінің білгірі Айдана Биғалиқызының үйірмесінде бүгінде 3 топ, яғни 50-ге тарта өнерпаз бар. Айдана бұған дейін аудандық балалар шығармашылығы орталығындағы «Дарын» би тобын өркендетуге күш салған жандардың бірі болып табылады.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале