14.05.2018, 18:05
Оқылды: 20

Тасқалада баскетболдан аудан біріншілігі өтті

Жаңақала аудандық балалар  мен жасөспірімдер спорт мектебінің 50 жылдық мерейтойына орай баскетболдан 2004 жылы туған және одан кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында аудан біріншілігі өтті.

Қыздар арасында өткен жарысқа 6 командадан 58, ұлдар арасында бес командадан 47  спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысында қыздар арасында жүлделі I орын Ақтау орта мектебінің  командасына бұйырса, II орынды Амангелді орта мектебі еншіледі. III орынға БЖСМ-2 командасы жайғасты.

Осы жарыста «Үздік ойыншы» аталымы амангелділік К.Шариповаға, «Үздік шабуылшы» аталымы ақтаулық Д.Бақытжановаға, «Үздік ортаңғы ойыншы» аталымы БЖСМ-2 командасының мүшесі М.Утешкалиеваға бұйырды. «Үздік қорғаушы» аталымын амангелділік А.Ергалиева жеңіп алды.

Ұлдар арасында өткен сайыста I орынды БЖСМ-2 командасы, II орынды «Сәулет»мектеп-лицейі, III орынды Ақтау орта мектебінің командасы жеңіп алды. Сондай-ақ «Үздік ойыншы» аталымы БЖСМ-1 командасының мүшесі Б.Амангелдіге, «Үздік шабуылшы» ақтаулық А.Утегалиевке, «Үздік ортаңғы ойыншы» «Сәулет» мектеп-лицейі командасының мүшесі А.Есеналиевке, «Үздік қорғаушы» БЖСМ-2 командасының мүшесі Д.Кушеновке бұйырды.

Назгүл ЖӘРДЕМОВА,

Тасқала ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале