21.05.2018, 14:52
Оқылды: 68

Сулыкөлдіктер өнер көрсетті

DSC_086818 мамыр күні аудан орталығының орталық алаңында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында және елордасы Астана қаласының 20 жылдығы, Қаратөбе ауданының 90 жылдығы мерейтойына арналған «Алтын діңгек – өзім туған босағам» атты ауыл күндері фестивалі жалғасын тапты.   

Сулыкөл ауылдық округінің көркемөнерпаздары ұсынған кеш көпшілік көрерменге керемет әсер сыйлады.

Ашық аспан астында сазды сәлем жолдаған Оразбек Мұстажап «Ассалаумағалейкүм!» әнін шырқап, ауылының сәлемдемесін жеткізгендей әсер қалдырды.

Сазды кеш барысында Асылхан Мусағалиев «Мен қазақпын!», Жансәуле Тілектесқызы «Домбыра», Бекболат Жолдасұлы «Елге сапар», Әмірхан Хабибуллин «Мен сені жақсы көрем», Дархан Аймағанбетов «Мен деп ойла», Мәди Бақытжанұлы «Туған жер», Альбина Нұркенқызы «Тәуелсіз қазақтың қызымын» әндерін шырқап, орталық алаңды әсем әннің ырғағына бөледі.

Бағдарлама барысында «Жұлдызай», «Еркеназ» би топтары қазақ, әзербайжан, өзбек билерін мың бұрала билеп берді.

Сулыкөл ауылдық округі əкімі аппаратының бас маманы Тоймырза Нұрбергенов аудан тұрғындарына, өнерді бағалап келген көрермендерге ризашылығын білдіріп, жақсы көңіл-күй тіледі.

Кеш соңында қаратөбелік тұрғындар мерекелік концерттен жақсы әсермен тарқасты.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,
«Қаратөбе өңірі»

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале