24.05.2018, 12:02
Оқылды: 40

Жаңақалалықтар чемпион атанды

Жаңақала чемпион атандыОрал қаласында Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай волейболдан ерлер командалары арасында Батыс Қазақстан облысының 2018 жылғы чемпионатының I туры өткізілді. Шараны Батыс Қазақстан облыстық волейбол федерациясының атқарушы директоры О.Самарқанов ашып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Одан әрі жарысқа қатысушы командалар екі топқа бөлініп, өзара сынға түсті. Бірінші топта Орал қаласы, Ақжайық, Зеленов, Бөрлі, Шыңғырлау, екінші топта Жаңақала, Қазталов, Теректі, Бөкей ордасы командалары сайысты. Іріктеуден суырылып алға шыққан Орал қаласы, Қазталов, Бөрлі, Жаңақала командалары финалға жолдама алды.  Жарыс қорытындысында I орынды Жаңақала ауданы алса, II орынды Орал қаласы, III орынды Қазталов командасы иеленді. Ал «Үздік қорғаушы» аталымын жаңақалалық Н.Сұпығалиев иеленді.

Ақсұңқар СӘДІР,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале