30.05.2018, 11:41
Оқылды: 55

Ақжайықта жат ағымға қарсы жұмыстар нәтижесін беруде  

 

Ақжайық ауданында деструктивті діни ағымдардың белгілері бар тұрғындарды оңалтуға қатысты жұмыстар жүргізілуде. Соның нәтижесінде 5 тұрғын бұрынғы түсініктерден арылып, дәстүрлі дінімізге бет бұрды.

Аудан теологы Жалғас Маратов, ұғындыру тобының мүшелері жыл басынан бері жат ағым белгілері бар 77 жанмен жеке, оның ішінде тек соңғы бес күн ішінде төрт тұрғынмен дидарласу өткізді. Бөтен идеология таңатын оғаш қылық, жат дағдылардан арылту жолында облыстық, республикалық ақпарат тобы мүшелерінің ауданға сапарларының да пайдасы зор.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале