31.05.2018, 15:02
Оқылды: 25

Жымпитыда жәрмеңке нәтижесінде 6 адам тұрақты жұмысқа орналасты

Бүгін Сырым ауданының орталығы Жымпитыда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеде 23 мекеме 109 бос жұмыс орынын ұсынды.Ұсыныстардың көбі бюджеттік салалар мен шаруашылық құрылымдардың тарапынан түскен.

Сырым аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Едіге Өтептің айтуынша, жәрмеңкенің қорытындысында 6 адам тұрақты және 4 адам уақытша жұмысқа орналасыпты. Осы сияқты, 30 адам кәсіптік техникалық оқуға, ал 6 жас маман «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жолданған.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Сурет интернеттен алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале