31.05.2018, 19:30
Оқылды: 67

Оралда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

IMG-20180531-WA0066Жаңа мекеменің ашылуына өңір басшысы Алтай Көлгінов, қала әкімі Мұрат Мұқаев қатысты.

Бұл еліміз бойынша арнайы бағыттағы он бесінші орталық екен. Орталықта негізінен екі қызмет түрі көрсетіледі: автокөліктерді тіркеу немесе қайта тіркеуден өткізу және жүргізуші куәлігін табыстау. Қызмет көрсету орталығы Жәңгір хан көшесі,160 мекен жайында орналасқан. Жаңа нысанның аумағы 2500 шаршы метрді құрайды.

IMG-20180531-WA0080Қала әкімі Мұрат Мұқаевтың айтуынша, шаһар бойынша 103 000 автокөлік тіркелген.

Орталықта азаматтардың құжаттарын қабылдау үшін 15 үстел бар. Сонымен қатар көлік жүргізушілеріне айыппұлдар мен салықтарды өздігінен төлеуге мүмкіндік беретін «Connection point» жүйесі жұмыс істейді.

IMG-20180531-WA0067- Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында барлық жағдай жасалған. Енді азаматтарға мемлекеттік бажды төлеу үшін екінші деңгейлі банктерге баруына тура келмейді. Бұнда құжаттарды рәсімдеу екі сағаттай ғана уақыт алатын болады. Мәселен, автокөлік тіркеу 90 минут ішінде жүзеге асса, 2 сағаттың ішінде көлік жүргізушісі куәлігін ала аласыз. Орталықта көлік жүргізушісі куәлігін алу үшін теориялық емтихан тапсыратын сынып бар. Сонымен қатар күту залы, медициналық кабинеттер, практикалық емтиханды тапсыруға арналған автодром да бар, - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының төрағасы А.Оспанов.

IMG-20180531-WA0077Айта кетейік, жыл соңына дейін осындай орталық Атырау қаласында ашылады.

Динара Киндербаева
zhaikpress.kz
Фото автордікі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале