5.06.2018, 12:43
Оқылды: 80

БҚО-да түлектердің 80 пайызға жуығы ҰБТ-ны қазақша тапсырады

сурет: 24.kz

сурет: 24.kz

Биыл облыс бойынша мектептерден 5203 түлек қанат қағады. Соның 3752-сі, 72 пайызы ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірген. Оның ішінде 2893-і, яғни 77 пайызы қазақ тілінде тапсырмақ. Орал қаласы мен Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Қазталов, Қаратөбе, Сырым аудандары бойынша ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізетін 9 пункт белгіленген.

Былтыр ҰБТ өткізу форматы өзгергені мәлім. Биыл, алдымен, 20 маусым мен 1 шілде күндері қорытынды аттестаттау өтеді. Түлектердің 291-і «Алтын белгіге», 169-ы «Ерекше аттестатқа» үміткер. Оқушылар бес пәннен емтихан тапсырады. Оның екеуі – мамандығына сай таңдау пәндері. ЖОО-ларға түсуге шекті балл – 50. Кейбір салалық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау шегі 60 балдан жоғары.

– Тестілеу өтетін аудиторияларға интернет жиілігіне тосқауыл болатын жабдықтар орнатылады және онлайн бақылау камералары қойылады. Түлектерге арналған тамақ мәзірінің сапасы, жатын орнының санитарлық тазалығы мен көлік қауіпсіздігіне байланысты салалық ұйымдар тексеріс жүргізуде. Айта кетейін, былтыр 4442 оқушының 68 пайызы ҰБТ-ға қатысты. Мектеп емтиханынан соң биыл да тест тапсыратын түлектер саны азаюы мүмкін. Себебі өз еркімен бас тартуға шешім қабылдайтындар болады, – деді ҰБТ-ға дайындық жөнінде мәлімет берген облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Светлана Темірғалиева.

Нұртай Текебаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале