4.07.2018, 15:40
Оқылды: 108

Батыс Қазақстан облысының Астанаға сыйы – АРНАЙЫ РЕПОРТАЖ

Астанада бүгін «Ақжайық» тынымбағы ашылды. Мұндай сыйды елордаға Батыс Қазақстан облысы жасады. Тынымбақтың ашылуына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқанын хабарлаған болатынбыз.

-Біз де еліміздің өзге өңірлері сияқты Астанамыздың 20 жылдығына арнап тынымбақ сыйға тарттық. Бұрын дәл осы жерде ескі үйлер болатын. Кейін абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, 1,5 гектар жерді алып жатқан тынымбаққа жарықшамдарды орналастырдық. Ауқымы кең тынымбақта амфитеатр, балалар ойын алаңы, кітап оқуға арналған орындар, әуенді субұрқақ, лабиринт және аталған орынның ортасында Кеңес Одағының  батыры Мәншүк Мәметованың ескерткіші орналасқан. Астананың 20 жылдығына сыйға тартылған тынымбақ Жеңіс даңғылында болғаннан кейін батыр апамызға ескерткіш орнатуды жөн көрдік. Батысқазақстандықтар атынан елордалықтарды мерекелерімен құттықтаймын, -дейді БҚО әкімі Алтай Көлгінов.

-Ескерткішті 4-5 айдың ішінде жасап шықтық. Жалпы мүсіннің өзі қоладан жасалынды. Ал тұғыры гранит тастан тұрғызылды. Батырымызға арналған ескерткіштің биіктігі 6,1 метрді құрайды. Бұған дейінде біраз жұмыстарды атқардық – Қазақ хандығының 550 жылдығы, Керей мен Жәнібек хандар, Оралдағы Құрманғазы мен Динаның ескерткіштері сияқты туындыларды өмірген әкелдік. Мәншүктің ескерткішін жасау кезінде фото суреттеріне қарап және Оралдағы М.Мәметова атындағы музейдің өкілдерімен ақылдастық, -дейді мүсінші Мұрат Мансұров.

Темірболат Тоқмамбетов,

фотоға түсірген автор

zhaikpress.kz

IMG_4123

IMG_4049

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале