10.07.2018, 13:17
Оқылды: 28

Зеленовта бір арба шөптің құны 40 мыңға дейін жеткен

senokosЗеленов ауданында шаруалар шабындыққа шалғы салды Биыл аудан шаруалары 101200 тонна шөп жинауды көздеп отыр.


 

Қазіргі таңда 23465 гектар жердегі шөп шабылған. Қысқы азықтың өнімділігі гектарынан 4,5 центнерді құрап отыр.

Қазіргі таңда 10559 тонна шөп жиналды. Бұл барлық атқарылар жұмыс тек 10,4 пайызға орындалғандығын көрсетеді. Шөп шабу науқанына 128 техника жұмылдырылған.

Мал азығының осыншама тапшы болуын мамандар біржылдық шөптің болмауымен және маусым айындағы салқындық шөптің көтерілуіне кедергі келтіргендігімен түсініреді.

Шөп құны да қазір шарықтап тұр. Бір арба шөптің құны аудан бойынша 30 мыңнан 40 мыңға дейін жеткен.

 

Түгелбай БИСЕН

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале