21.07.2018, 15:05
Оқылды: 133

Әжібай ауылында ағайынды жігіттер өз қаражаттарына медициналық пункттің құрылысын бастады

Былтыр Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Бірік ауылында «Жерлестер форумы» өткен болатын. Форумда бас қосқан жерлестер туған ауылдарына қолдарынан келгенше көмек беретіндіктерін айтқан болатын. Солардың қатарында облысымызда еңбек етіп жүрген ағайынды Сыралиевтердің отбасын атап айтуға болады. Ағайынды жігіттер былтырғы уәделеріне тұрып, округ орталығында фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысын бастайтын болып шешкен еді. Енді, міне сол уәде орындалып, 21 шілде күні Әжібай ауылында осы нысанның алғашқы кірпіші қаланды.

Әжібайлықтардың бұл қуанышына ортақтасып құрылыс басына аудан әкімі Абат Шыныбеков келді. Өз қаражаттарына құрылыс бастап жатқан ағайынды Сыралиевтердің үлкені Асқармен кездесіп, құрылыс жұмыстары туралы сөйлесті. 

Айта кетуіміз керек, бұл құрылыс нысанының жобалық құны 15 млн. теңгені құрап отыр.

Қайрат ЖАҚЫП, 
Қазталов ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале