Қаратөбе ауданында ағымдағы жылы 687 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған. Бұл – Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберіндегі мәлімет.
Аталмыш бағдарламаның бірінші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамту» шеңберінде ұзақ мерзімді оқытуға аудан бойынша 9-11 сыныптарды бітірушілер, ҰБТ-дан шекті балды жинай алмағандар, оқу орындарына түспегендер және аз қамтылған отбасынан шыққан 20 жас қыркүйек айынан бастап техникалық және кәсіби оқытуға жолданбақшы.
Сонымен қатар, жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға түрлі мамандықтар бойынша 84 адам (жоспар -75 адам) қысқа мерзімді курстарға жолданып, 47-сі оқуын аяқтады. Оның ішінде 10 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.
– Бағдарламаның екінші бағыты бойынша «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында 33 адамға 223,6 млн. теңге көлемінде несие берілмекші. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 147 адамды оқыту жоспарланды.
Үшінші бағыты бойынша шеңберінде «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында 299 адам бос жұмыс орындарына тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Сонымен қатар 41 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтау мақсатында 36 жас маман «Жастар практикасына» жолданса, ақылы қоғамдық жұмысқа 155 адам тартылды, - дейді аудандық жұмыспен қамту орталығының құрылымдық бөлімше бастығы Жанаргүл Жылқышиева.
Райымбек АБАЕВ
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz