ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нариман Төреғалиев пен Ерболат Мұқаев Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында болды.
Басқа да ауылдан тұрғындар, еңбек ұжымдарының өкілдері қатысқан жүздесуде олар Елбасының Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі жайында кеңінен пікірлесті.
Сенаторлар үлкен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң баға беріп, алдағы жоспарлардың орындалуына сәттілік тіледі. Кездесу барысында Тайпақ ауылдық округінің әкімі Болат Шәленов, мысалы, Тайпақ ауылдық ауруханасына қамқорлық күшейтілуін, Базаршолан ауылының тұрғыны Ғиззат Қарғабаев Индер – Барбастау жолын жөндеу мәселесін қозғады. Тайпақтық С.Досқалиев санэпедимиологиялық бақылауға мораторий алынса деген өтінішін айтты. Аурухана меңгерушісі Ж.Жанғалиева «жедел жәрдем» көлігіне мұқтаждықтарын айтты.
Тұрғындар ауыл-елде атқарылып жатқан жақсылықтармен бөлісіп, тілектерін жеткізді.
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz