18.08.2015, 16:04
Оқылды: 49

Жас мамандармен толығуда

 

жас мамандарЖәнібек ауданының денсаулық сақтау саласы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін бітіріп келген жас мамандармен толығуда.

Атап айтқанда,  жоғары оқу орнын «терапевт» мамандығы бойынша бітірген Бақыт Қанатов, «жалпы дәрігерлік практика» мамандығы бойынша аяқтаған Аслан Мақсұт, «хирург» мамандығы бойынша тәмамдаған Айдын Ержанов және «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша тауысқан Ғалима Ғалиханова аудандық ауруханаға жұмысқа орналасты.

Бақыт пен Ғалима өзіміздің жерлестеріміз: бірі Күйгенкөл, екіншісі Қамысты ауылынан. Ал Аслан Теректі ауданынан болса, Айдын - Тасқала ауданының тумасы.

Сондай-ақ ауруханаға Батыс Қазақстан медициналық колледжін аяқтаған үш медбике мен екі фельдшер жұмысқа қабылданған.

-Қазіргі таңда жұмысқа орналасқан дәрігерлерді «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша көтермеақымен және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері қаралып жатыр,-дейді аудандық орталық аурухана кадр бөлімінің инспекторы Зәмзәгүл Сапарғалиева.

                                                                                www.zhaikpress.kz

 Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале