3.08.2018, 15:59
Оқылды: 108

Оралда 95 жасқа толған майдангер әжеге құрмет көрсетілді (СУРЕТ)

 

ҰОС ардагері, «Фронтовичка» клубының мүшесі Лидия Губанова 95 жасқа толды. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов майдангер әженің үйіне барып, облыс әкімінің және ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының құттықтау хаттары мен сый сияпаттарын табыс етті.

- Соғыс жылдарындағы жанкешті ерлігіңізді айтпағанда елу жылдан аса мәдениет саласында қызмет атқарған екенсіз. Соның ішінде көптеген жыл біздің облыстық кітапхананы басқардыңыз. Сіз соғысты, соғыстан кейінгі қиын кезеңдерді басыңыздан өткерген рухы мықты жансыз. Ұлғайған жасыңызға қарамай, әрдайым жастармен жүздесіп, тағылымды тәрбиеңізді беріп келесіз. Сізге ғасырдан да ұзақ бақытты ғұмыр тілейміз! – деді Ғабидолла Абдоллаұлы соғыс ардагерін құттықтау сөзінде. Ол сондай-ақ Лидия Игнатьевнаға Ұлттық академиялық кітапхананың «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгісін табыстады.

- Біз ауыр кезеңдерді бастан кешірдік. Ондай ауыртпалықты кейінгі ұрпақ көрмесін. Жас ұрпақтың бейбіт елде өмір сүргенін тілеймін. Қазақстанымыз жылдан жылға гүлденіп келеді. Еліміздің әрі қарай өркендеуі жастарға байланысты. Әрдайым жоғары талап үдесінен шыға біліңіздер. Құрметке лайықты ұл мен қыз атаныңыздар. Өз тәжірибемнен білетінім, адам жұмысты жақсы жасаса, бәріне қол жеткізеді. Құрметтеріңіз үшін алғысым шексіз, - деді 95 жасқа келген майдангер.

Лидия Игнатьевнаға бір кездері өзі қызмет еткен, бүгінгі таңдағы Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері тарапынан мерейтой иесінің тағылымды өмір жолы туралы әдістемелік-библиографиялық жинақ сыйға тартылды.

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ,

Суретке түсірген Айбатыр НҰРАШ

zhaikpress.kz

PRI_0030

PRI_0075PRI_0044

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале