Қаратөбе ауылында 8 тамыз күні сағат 21:00 шамасында Т.Жұмақаев көшесіндегі №26 тұрғын үй түгелдей жанып кетті. Тілсіз жау 100 шаршы метр жерді отқа ораған.
– Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жау тұрғын үйде қосулы тұрған теледидардың ажыратқышына төбеден аққан жаңбыр суы тиіп, үйден өрт шығуына себеп болған.
Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, - дейді Қаратөбе аудандық ТЖБ-нің бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Мэлс Ысқақов.
Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы