Жәнібек ауданының орталығында былтыр екпе алмаған 11 бала болса, биыл олардың қатары 6 балаға артып отыр. Былтыр діни сенімде емес 2 отбасындағы 3 балаға екпе салынбаса, биыл осындай топтағы 5 отбасындағы 7 бала екпе салдыруға келмеген.
Бұл жөнінде аудандық аурухананың эпидемиолог маманы Айгерім Салауатова мәлім етті.
–Мұның өзі екпе жөніндегі жалған ақпаратқа сеніп қалушылықтан туындаған жайт,-дейді ол.
Н.Өтей,
Жәнібек ауданы