10.08.2018, 16:43
Оқылды: 34

Ұлы Абайдың туғанына 173 жыл

 

Шаһардағы Абай алаңында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 173 жыл толуына орай «Абай мұрасы – халық мұрасы» атты акция өтті.

abai murasy (6)

Ұлы ақынның ескерткішінің алдына жиналған шара қонақтары мен оқушылар алдымен «Абай – мәдениет пен әдебиеттің асқар шыңы» атты кітап көрмесі мен инсталляцияны тамашалады. Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақұштап Бақтыгереева мен ақын Айтқали Нәріков ескерткішке гүл шоғын қойды.

Абайдың жазып кеткен қара сөздері, өлеңдері әлі күнге дейін мәні мен мазмұнын жоғалтқан жоқ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс» деген болатын. Бұндай шара ақынның шығармаларын насихаттауда зор рөл атқарары сөзсіз, деді жиында сөз алған облыстық мәдениет басқармасының бастығы Қадырболат Мұсағалиев. Ал осынау күнмен құттықтап, лебізін білдірген ақын Ақұштап Бақтыгереева ұлы Абайдың данышпандық пен даналыққа толы әрбір сөзі адамзатты адамгершілікке, әрбір өлеңі елдік пен ерлікке тәрбиелейтінін атап өтті.

Акцияны ұйымдастырушылардың бірі «Жас Отан» Жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиевтің айтуынша, акция аясында жастар арасында «Абай салған дара жол» атты квест ұйымдастырылып, ақынның мұрасы видеомен әлеуметтік желілерде "Абайды таны" хештегімен тарауда.

Шара барысында қаладағы мектеп оқушылары, яғни кітапханалардың белсенді оқырмандары ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерін нақышына келтіре орындап, әндерін шырқады. Олардың арасынан үздіктер анықталып, қатысушылар алғысхаттармен марапатталды.

Ясипа   РАБАЕВА,

«Орал   өңірі» 

abai murasy (4) abai murasy (5) abai murasy (13) abai murasy (14) abai murasy (15) abai murasy (16) abai murasy (18) abai murasy (19)

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале