15.08.2018, 12:17
Оқылды: 51

Бөрлі ауданында «Жастар-Отанға» лагері өтті  

Aksay lagerБөрлі ауданында  жастар қоғамдық бірлестіктерінің жұмыстары үлкен қарқынмен жүргізіліп келеді. Аудан жастарының ұйтқысымен түрлі шаралар ұйымдастырылып, тың жобалар іске асуда. Соның бірі - алтыншы жыл қатарынан өткізілген «Жастар-Отанға» жастар саяси лагері.

Жастар саясатын кеңінен насихаттау, олардың идеяларынан туындаған мемлекеттік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған шарада психологиялық тренинг өткізіліп, жастар дөңгелек үстел басында бас қосты.

«Ақсай жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің құрылғанына алты жыл болды. Содан бері жастардың өңірдің дамуына белсенді атсалысуына ықпал жасап келеді. Саяси лагерге ауданның әр ауылдық округінен белсенді жастар келді. Шара барысында жастармен кездесу өткізген аудан әкімі Санжар Әлиев жиналғандардың сұрақтарына жауап берді. Жастарды аудан басшысының өмірбаяны, хоббиі мен арман-мақсаттары қызықтырды. Әр сұраққа тұшымды жауап алған жастар кездесуге келген өңір басшысына алғыстарын жеткізді.

Ел жастарының қолға алған маңызды жобаларына риза болған Санжар Жұматайұлы аудан дамуы үшін қолға алынған жаңа бастамалар туралы да кеңінен әңгімеледі. Қашанда жас буынға бағыт сілтеп, тың идеяларын жүзеге асыруларына қолдау білдіріп отыратындығын да жеткізді.

Өскелең ұрпақты Отанын сүюге, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор болуға шақыратын мәні зор жобаны жүзеге асыруға «Ақсай жастары» ЖҚБ бөлек, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық, «Сұңқар-Ақсай», «Парасат» қоғамдық бірлестіктері ат салысты. Саяси лагерьде түрлі жиындар өтіп, атқарылған шаруалар сөз болды. Өзара тәжірибе алмасып, болашаққа бағдар жасаған жастар спорттық жарыстарда да белсенділік танытты.

 

Айым Нұрғалиева

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале