19.08.2015, 20:31
Оқылды: 21

Майдангер 90 жаста

  DMS_7547  Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның үлкен залында ҰОС ардагері, «Фронтовичка» клубының төрайымы Алевтина Митрохинаның 90 жасқа толу мерейтойына арналған мәдени-көпшілік шара өтті.

Оған облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, ҰОС ардагерлері, 5517-әскери бөлімінің сарбаздары, сондай-ақ түрлі мекеме қызметкерлері қатысты.

Кешке арнайы қатысқан ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Елена Тарасенко мерейтой иесін құттықтап, сый-сияпат жасады. Ол өз құттықтауы барысында мемлекеттік хатшы, Президент жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықованың мерейтой иесіне деген ыстық ықыласын жеткізді.

Шара барысында ҰОС ардагері Алевтина Митрохина және қаламыздағы Мәншүк Мәметова атындағы мемориалдық музейдің директоры Светлана Бектенованың қала әкімі Алтай Көлгіновтың идеясы бойынша жазған «Женщины победы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі жасалды. Салтанатты рәсімді қала әкімі Алтай Көлгінов атқарып, мерейтой иесіне жылы лебізін арнады. Алевтина Митрохинаның замандастары да құттықтау тілектерін жеткізді. Кеш барысы соғыс тақырыбына арналған концерттік нөмірлермен өрбіді.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале