Жаңақала ауданында өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда, мал басы өсіп келеді.
Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі ұсынған 2018 жылдың 1 шілдесіндегі мәліметке сәйкес, 59 329 бас ірі қара (2017 - 55 076 бас), 219 561 бас қой мен ешкі (2017 - 219 490 бас), 23 504 бас жылқы (2017 - 21 774 бас), 914 бас түйе (2017 - 934 бас), 5 890 құс (2017 жылы 13 500 бас) бар.
Есепті кезеңде 5 176,0 тонна ет, 4 287,0 тонна сүт өндіріліп, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, ет 100,6 пайызға, сүт 100,2 пайызға өсіп отыр. 2018 жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда, ауыл шаруашылық саласында өндірілген өнім 3 млрд. 362 млн. теңгені құрады.
2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында аудан тауар өндірушілері асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығы өнімділігін және өнім сапасын арттыруға, аналық, асыл тұқымды мал сатып алуға 205,72 млн. теңге субсидия алды. Сондай-ақ мал тұқымын асылдандыру мақсатында еліміздің және Ресейдің шаруашылықтарынан асыл тұқымды 608 бас ірі қара, 62 бас қой, 32 бас жылқы сатып алынды.
2018 жылы жаңақалалық тауар өндірушілер «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке, «Жаңақала-Несие» Кредиттік серіктестігі арқылы және өз қаражаттарына 66 ауыл шаруашылығы техникаларын алды.
Ағымдағы жылы ауданымыздағы 50,5 мың га көлтабанға 83,41 млн. текше метр су шығарылды.
Биылғы жылы мал азығын дайындау жоспары 132,2 мың тонна болса, қазіргі таңға орындалу барысы 68,9 мың тонна, яғни 52,1 пайызды құрап отыр.
Б.Жарқынов
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz