Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Орал қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Тоқжанов Бекжан Нұрланұлы тағайындалды.
Білімі - жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институты «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығында, Батыс-Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университет «құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығында оқыды.
Әр жылдары «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорны» - пайдалану учаскесінің инженері, пайдалану бөлімінің бастығы, Орал қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, Орал қаласы құрылыс бөлімінің бас маманы, Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
Бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
zhaikpress.kz