29.08.2018, 18:02
Оқылды: 47

Аралталда айшықты істер бар (СУРЕТ)

Ақсай қаласында былтыр ғана пайда болған Аралтал шағын ауданына бүгінде көпшілік қызыға да, қызғана қарайды. Мұны сонда болған кезімізде анық аңғардық. Көше бойына жарықшамдар орнатылып, тас жолдар төселген. Әр көшеге қазақтың белгілі тұлғаларының есімдері берілген.

Темирболат Токмамбетов01

Мұндағы жағдайға тұрғындарда дән риза. Солардың бірі – Асан Бижанов (суретте). Алаш көшесінде тұратын Асан аға ауласында әлі салынып біте қоймаған шағын цехтың ішіндегі су жаңа станоктарды орналастыруда.

-Аралтал ауылына келіп жылы әрі жайлы қонысқа орналасқанымызға жылға жуықтады. Осы орайда мемлекетімізден қолдау көргенімізге қуаныштымыз. Жаңа үй, жаңа жер. Мынадай үй бұрын үш ұйықтасақ та түсімізге енбеген шығар. Шынын айту керек, төрт бөлмелі жап-жарық үйге қоныстанып, енді бәрін басынан бастамақ ойымыз бар. Өзім ағаш шеберімін. Жақында мемлекеттің кәсіпкерлікті дамытуға арналған 1,5 млн. теңге грантын ұтып алдым. Енді құрал-жабдықтарымыз келсе, істі дереу бастаймыз. Болашақта отбасылық бизнесті дамытпақ ойымызда бар. Елге қызмет жасап жатқан азаматтарға алғысым шексіз,- дейді ағаш шебері.

Аралталдық тағы бір тұрғын Гүлжамал Гүлеева салынған үйдің керемет екендігін жеткізді. Жаңа үйге қол жеткізгендегі сәттегі қуанышта шек болмаған. Ауласына гүл егіп, ағаштар отырғызғандығын және бұндай жаңа үйдің ауласы жайнап тұруы керек екендігін тілге тиек етті. Көпшілік оларға қызығып қарайтындығында жасырмады.

«Сабақты ине сәтімен» дегендей біз барғанда осынау жаңа үйлердің салынуына қаржы бөлген КПО б.в компаниясының өкілі Динар Хамиевті кездестірдік.

-Аталмыш үйлер үш жыл бойына біздің басты назарымызда болады. Келген сайын тұрғындардың жағдайларымен танысып, оларға көмек қолымызды созудан аянбаймыз. Бұндағы адамдардың барлығы ауылдық жерден келгендіктен ауласына бау-бақша салу үшін сұраныс түскен үйлерге қара топырақ төгіп беріп жатырмыз. Қазір мұнда септикке қатысты мәселе бар. Бас мердігер алдағы айдың ішінде аталған мәселені реттемекші,- дейді Динар Хамиев. Айта кетейік, аталмыш шағын ауданда су жаңа мектеп бой көтерді. Заман талабына сай салынған алты жүз орындық білім ордасында 1 қыркүйекте бірінші рет алғашқы қоңырау соқпақшы. Бұлда аралталдық үлкен-кішіге айтарлықтай қуаныш.

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

суретке түсірген автор

Бөрлі ауданы

Темирболат Токмамбетов04 Темирболат Токмамбетов06 Темирболат Токмамбетов08 Темирболат Токмамбетов09 Темирболат Токмамбетов10 Темирболат Токмамбетов11 Темирболат Токмамбетов12 Темирболат Токмамбетов13

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале