5.09.2018, 15:22
Оқылды: 51

Оралда белгісіз біреулер үш бірдей автокөлікке от қойған

Бұл жайлы ҚазАқпараттың БҚО-дағы меншікті тілшісі хабарлайды. Облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға бүгін таңертең Мұхит көшесі бойындағы бес қабатты 78/1-үй  маңында орын алған.

Сағат 06-33-те «Тойота Королла» автокөлігінің салоны мен артқы бөлігі және «ГАЗель» автокөлігінің артқы бөлігі өртенген. Өрт 07.05-те толық сөндірілген.  Жалынды сөндіруге 7 адам, 1 техника жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себептері, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, тағы бір «ГАЗель» автокөлігін өрттен иесі аман алып қалған. Ал «Тойота Королла» көлігі түгелге жуық жанып кеткен деуге болады. Облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, қазіргі кезде осы оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Бейнекамераның көмегімен күдіктілер іздестіріліп жатыр.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале