5.09.2018, 16:52
Оқылды: 142

Облыс әкімі мердігерге жолдың сапасына көңіл бөлуді тапсырды

Облыс әкімі Алтай Көлгінов Ақсай қаласының орталығындағы Тихоненко көшесінің  жөндеу жұмысы барысымен танысты.

Темирболат Токмамбетов2

            178 млн. теңге қаржы қарастырылған жол құрылысы қазан айында аяқталмақ. Бүгінгі күнге дейін аталған көше жолын жөндеу жұмысының 80 пайызы аяқталған. Бұл көшеге ені 7 метр, ұзындығы 2,2 шақырымды құрайтын асфальт төселуде. Жаңадан салынып жатқан тас жолдың екі жақ бетіне көше бойына жарық шамдар орнатылады.

             Облыс әкімі мердігер компания «Лидер» ЖШС өкілдеріне жолдың сапасына көңіл бөлуді тапсырды.

Темірболат    ӘНУАРҰЛЫ,

Бөрлі   ауданы

Темирболат Токмамбетов1

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале