Қасиетті Құранда айтылғандай, әрбір мұсылманның бес парызының бірі - қажылыққа бару болса, осы парызды ауданымыздың бас имамы Ерденбек Ихсанов орындап, жақында қажылықтан елге оралды.
Еліміздің «Қазақстан мұсылмандарының діни» басқармасының өкілі ретінде, 3000 қазақстандықпен бірге қажылықты өткеріп келген оның көр-
ген-білгендері, ойға түйгендері өте көп. Біріккен Арабтар Әмірлігіндегі қасиетті жерлерді аралап, мінәжәт ету бұйырып, қажы болып оралғаны ауданымыз үшін де үлкен абырой.
Маңызды және жауапты миссияны атқарып келген Ерденбек қажы сапардан келсімен аудан әкімі Альберт Есалиевтің қабылдауында болып, қажылық, оның маңызы, шарттары туралы айтып берді.
-Мекке қаласындағы қасиетті Әл-Харам мешітінде, Айша мешітінде, Арафат тауында, Мұздалифа, Мина жерлерінде және Медина қаласындағы ардақты пайғамбарларымыздың с.ғ. мешітінде, Медина қаласындағы ең алғашқы құлшылық орны Құба мешітінде және Ухут тауында болдым. Елдің тыныштығы үшін және Шыңғырлау халқы үшін арнайы дұға жасадым. Құрметті халқым, сол үлкен қажылық парызын сіздерге де Аллам нәсіп еткей!»,-дейді Ерденбек қажы.
Айсұлу Арыстанова,
Шыңғырлау ауданы