Облыс әкімі Алтай Көлгінов Эстония Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Хейти Мяемеэс мырзамен кездесті.
Өз сөзінде Алтай Сейдірұлы Қазақстан мен Эстония арасындағы ежелден келе жатқан тарихи достық қарым-қатынас аймақтық деңгейде де жалғаса беретінін айтты. Сондай-ақ ол Эстониядағы мемлекекттік қызмет көрсету саласындағы цифрландыру саясатын ерекше атап өтті.
-Біз үшін сіздің елдегі, әсіресе, электронды қызмет көрсету ерекше қызықтырады. Эстонияда көрсетілетін қызметтер 99 пайызға автоматтандырылған. Біздің ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевта цифрландыру бағдарламасын қабылдағанын білесіздер. Ал Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау және білім беру салаларын цифрландыру бойынша пилоттық аймақ болып табылады. Әрине біз тек осы салалармен ғана шектеліп қалмаймыз, - деген облыс әкімі Алтай Сейдірұлы бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Облыстың даму қарқынымен танысып, бірқатар зауыттарда болған Хейти Мяемеэс мырза өңірді әлеуеті зор аймақ деп атап өтті. Елші алдағы уақытта машина құрастыру, туризмді дамыту, сауда-саттық секілді салаларда бірлесіп жұмыс жасау бағытындағы мәселелер талқыланатын айтты.
Ясипа РАБАЕВА,
Zhaikpress.kz