8.09.2018, 15:23
Оқылды: 57

Оралда жергілікті кәсіпорындардың ХІ қалалық жәрмеңкесі өтті

Бүгін Тұңғыш Президент атындағы жаңа алаңда азық-түлік өндіруші кәсіпорындардың «Сапалы өнім – 2018» ХІ қалалық жәрмеңкесі өтті.

korme

Облыстағы шағын және орта бизнеске, кәсіпкерлікке қолдау көрсету мақсатында Қала күніне орай ұйымдастырылған аталмыш көрмеге 18 кәсіпорын өз өнімдерін шығарды. Тұтынушылар назарына ұсынылған өнімдерді дегустациялық комиссия мүшелері бағалап, нәтижесінде нан өнімдері мен кондитерлік тағамдар пісіретін «Талецкий В. Н.» ЖК бірінші орын, ірімшіктің сан түрін өндіретін «Каверина С. В.» ЖК екінші орын, ал кондитерлік тәттілері көпшіліктің көңілінен шығып жүрген «Балзия» ЖШС үшінші орын иеленді.

Жеңімпаздар мен көрмеге қатысқан кәсіпорындарды Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев пен қала әкімінің орынбасары Бекжан Тоқжанов алғысхаттармен марапаттады.

Аяужан КЕРЕЕВА,

Zhaikpress.kz

korme 2

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале