Қазталов ауданы Абат Шыныбеков Жалпақтал ауылында болып, ауыл ардагерлері және тұрғындарымен жүздесті. Кездесу барысында аудан басшысы ауданда атқарылып жатқан істерге тоқталды.
-Аудан бойынша елді мекендердің әлеуетін аттыруға, тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған жалпы құны 10,9 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба іске асуда. Өздеріңіз білетіндей, аудан орталығында 87,615 млн. теңгені қаражатқа саз мектебінің құрылысы жүріп жатса, Жалпақтал ауылында «Эврика» ЖШС 112,666 млн. теңгеге 12 пәтерлік 2 қабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізіп отыр. Инженерлік коммуникациялық жұмыстарына 18 млн. теңге қаражат бөлініп отыр. Сонымен қатар 13 елді мекенге көгілдір отын тарту жұмыстары басталып кетті. Осы бағытта 16 елді мекенді газбен қамтуға арналған Әбіш, Еламан, Саралжын, Көпкүтір, Аққурай, Хайруш, Саралжын, Қызылту, Қаракөл, Сексенбаев, Мереке, Сатыбалды, Бостандық, Ащысай, Жас, Таңат ауылдарына жобалық сметалық құжаттамалары жасақталып жатыр. Аталған жұмыстар іске қосылған жағдайда тұрғындардың 79 пайызы таза су, 77 пайызы көгілдір отынның игілігін көрмек.
Келесі жылы Жалпақтал, Қазталов ауылдарына әмбебап спорт алаңын салуды жоспарлап отырмыз. Жергілікті бюджеттен 2430,3 мың теңге бөлініп, Талдықұдық ауылына «Таза су» қондырғысын орнату жұмыстары жүргізілмек,- деген Абат Абайұлы ақсақалдар мен көше төрағаларының ұсыныс пікірлерін тыңдады.
Ал ауыл әкімі Самиғолла Ақмурзин 8 ай ішінде ауылда атқарылған жұмысқа тоқталса, Жалпақтал коммуналдық шаруашылық мекемесінің басшысының міндетін атқарушы Тілек Ибрашевтың хабарлама жасады. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының «Ақбұлақ» бағыты аясында Жалпақтал, Қараөзен ауылдарына 360 млн. теңге қаражат қаралып, Жалпақтал ауылының 1208, Қараөзен ауылының 233 тұрғыны «Ақбұлақтың» игілігін көреді деп күтілуде. Тілек Ибрашевтың айтуы бойынша су айдау станциясындағы құрал жабдықтары түгелдей ауыстырылып, күні бүгін қос ауылға 400 тонна көлемінде су беріліп отыр. Осы кездесу барысында ауыл ардагерлері Нағым Ризуанов, Шынболат Өтешқалиев, Мерғараф Әкімалиев, Кенжебай Үмбетов, Ахметқали Қарағойшин, аудандық мәслихаттың депутаты Дулат Ихсанов аудан басшысына мал азығы, тұрақтандыру қорының жұмысы жайында және Жалпақтал коммуналдық шаруашылық мекемесінің қазіргі жағдайы жайында сөз қозғап, көмек көрсетуін сұрады.
Аудан әкімі Абат Шыныбеков айтылған мәселелердің өте дұрыс екенін, олардың өз кезегінде шешілетіндігін айтып, кездесу жиынын қорытындылады.
Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ,
Қазталов ауданы