19.09.2018, 14:33
Оқылды: 47

Ақжайықта студенттердің машықтан өтуіне мүмкіндік зор

Ақжайық агротехколледжінде осы айдың басында бухгалтер-экономист мамандарын дуалды оқыту жүйесімен қамту жөнінде жобаның тұсаукесері өтіп, аудандық мәслихат, білім, экономика және қаржы бөлімдерімен арада меморандумға қол қойылған болатын.

77611

Аудан әкімдігі бастамашы болған бұл жоба бойынша нақты істер басталды. Оқу орнының 17 студенті ауданның мемлекеттік мекемелерінде, бөлімдерінде, коммуналдық кәсіпорындарында машықтан өтуде.

         Колледжде осыған дейін аспаз және веттехник мамандықтарына оқитын қыз-жігіттердің дуалды оқумен қамтылып, машықтанудан өтуі жөнінде жақсы тәжірибе қалыптасты. Сондықтан соңғы екі жылда аталған мамандықтар бойынша диплом алып шыққан түлектердің 85%-ы тұрақты жұмысқа орналасты. Міне, болашақ бухгалтер-экономистер үшін де еңбек ұжымдарына үйреніп, берік дағды алуына аталған жоба ақ жол салары сөзсіз.

Бекем БЕКҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале