Теректі ауданы Приречный ауылында «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаланың «Атамекен» кіші бағыты аясында балалар алаңын абаттандыру жұмыстары аяқталды.
Жеке кәсіпкер Мұрат Бисенов 400 000 теңгеге жаңа сырғанақ, әткеншектер орнатып, қоршауын сырлап, белгіні жаңартты.
Дәл осы бағыт бойынша Шағатай ауылдық округінде де игі іс атқарылды.
Ы.Алтынсарин атындағы мектептің 2003 жылғы түлектері мектеп бітірулеріне 15 жыл толуына орай ауылға «Менің жүрегім Шағатай» атты естелік жазуды сыйға тартты. Құны - 300 000 теңге. Жазба түнде жанып тұрады.
Аягөз АЙТҚАЛИЕВА,
Теректі ауданы