27.09.2018, 9:14
Оқылды: 21

Оралда «Асыл ана - 2018» байқауы өтті

Asyl anaХадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «Асыл ана - 2018»  көп балалы аналар байқауы мәреге жетті.


Әйел – отбасының ұйытқысы, ізгіліктің бастауы. Байқау осындай қазақы аналарымыздың бейнесін насихаттау мақсатында облыстық халық шығармашылығы орталығының қолдауымен және «Әйел. Қоғам. Болашақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті.

Asyl ana1Өнер сайысында аналарымыз «Ине-жіптен игілік иірермін», «Ата салтым, тәлімді ой сынағым», «Өнер менің өмірімде», «Ой түбінде жатқан сөз» бөлімдері бойынша сынақтан өтті.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Теректі ауданының келіні Гүлнар Қабиева жеңіп алса, бірінші орын Қаратөбеден келген Бибігүл Жанахметоваға, екінші орын Сырым ауданының келіні Айнұр Мұхамеджановаға, үшінші орын Ақжайық ауданының келіні Жұлдыз Тасқынбаеваға бұйырды.

                                                                         Гүлсезім БИЯШЕВА

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале