27.09.2018, 12:32
Оқылды: 37

Тасқалада субсидия төлеудің жаңа ережелері түсіндірілді

Taskala subsidia«Сыбаға»бағдарламасы бойынша биылдан бастап 14 пайызбен 15жылға несие беру  қарастырылғаны мал баққан халық үшін тиімді. Себебі 14 пайыздың он пайызын үкімет субсидмен кері қайтаратыны да шаруалар үшін жақсы жаңалық болды.


Бұл туралы аудан әкімдігінде ауыл шаруашылығы  саласындағы мемлекет тарапынан берілетін несиелер мен субсидия төлеудің ережелерін түсіндіру бағытында өткен семинар-кеңесте айтылды.

Аудан бойынша мал шаруашылығына берілетін несие туралы «Тасқала несие серіктестігі» ЖШС төрайымы Гүлмира Біржанқызы баяндады.

Жиында бұдан басқа ірі қара малды импорттау кезінде орын алатын қиыншылықтар мен шектеу және карантин шаралары туралы  әңгіме өрбіді.

Мал басын көбейту бағытында үкімет тарапынан берілетін несие мен жеңілдіктер сөз болған жиынға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ БҚО филиалының директоры Е.Нысанғалиев, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Д.Умашев, Батыс Қазақстан облысының қауымдастық несие серіктестігінің уәкілі А.Багисов, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының мемлекеттік инспекция және ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу бөлімінің басшысы Б.Ситказиев және БҚО ауыл шаруашылығы  басқармасының  мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы М.Ерақаев пен ауылдық округ әкімдері, бөлім және шаруа қожалығының басшылары, ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары қатысты.

Семинарға жиналғандар арнайы келген мамандарға ауыл шаруашылығына қатысты өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Назгүл ЖӘРДЕМОВА

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале