1.10.2018, 10:39
Оқылды: 55

Тасқалада «Жастар – Отанға» лагері өтті

Тасқалада аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық пен «Намыс» ЖҚБ ұйымдастыруымен халықаралық «Жастар – Отанға» лагері өткізілді.

lager (3)

            Барлығы 3 күнге созылған лагерьге өңір аймақтарынан қоса, көршілес Ресей Федерациясының өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Дарағаш және Озинки аудандарынан келген жастар ұлттық құндылықтармен танысты.

            «Шұғыла» лагері аумағына тоқтаған қонақтар бірінші күні робототехника саласымен танысты. Демалушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында жарыстар ұйымдастырылып, командалық ойындар ойнатылды. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Р.Сатыбалдиевтің айтуынша лагерьдің басты мақсаты өңірдегі белсенді жастардың басын қосып, достық қатынасты нығайту.

            -Өнерлі де белсенді, жан-жақты жастар көп. Олардың өзіндік иедялары мен жүзеге асырсам деген ойлары бар. Солардың басын қосып, тәжірибе алмасу үшін осындай шаралардың өткені жақсы. Ресей елінен келген өкілдер өзіміздің жастарымызбен белсене араласып, тіл табысып кетсе қуанбаймыз ба? Сондай-ақ ұлттық дүниелер көрсетіліп, халқымыздың төл өнерін дәріптеу де ойымызда бар,- деді Рауан Таңатжанұлы.

            Бағдарлама бойынша лагерьдің екінші күні қонақтар Тасқаланың көрікті жерлерімен танысты. Ешкітауға табан тіреген жастар ол жердің табиғатының әсемдігін таңдана айтысты. Сондай-ақ балық аулау, арқан тарту, ләңгі тебу ойындарында бақ сынады.

Әсем СЕРІКҚАЛИ,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

lager (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале