3.10.2018, 9:45
Оқылды: 147

Көнеккеткен көркейе түсті

Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылдық округі орталығының ажары үстеле түсті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» кіші бағдарламасын жүзеге асыру аясында орман қызметкерлерінің демеушілігімен «Konekketken suiikti mekenim» атты нысан орнатылды. Айналасына түнде жарқырап тұратын шамдар да қондырылды.

20181002_115509

         – Ақжайық орман мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Ержан Есболатов, Есенсай орман шаруашылығы бөлімінің орман шебері Әмір Сұлтанов, орман қызметкерлері Есет Сариев, Асхат Мерғалиев, Болат Сағынғалиев, Дамир Төлеуғазиев, механизатор Сағат Сағиев сынды табиғат сақшылары ауылымыздың абаттанып-көркеюіне өз үлестерін қосты. Осындай тұрғындардың, еңбек ұжымдары мүшелерінің ізгі істерін қыз-жігіттер арасында насихаттаудамыз. Бүгінде жер-жердегідей, ауылымызды көркейту, көріктендіру жөнінде сенбіліктерге баршаны ұйымшылдықпен қатыстыруға атсалысудамыз,- дейді жастар ісі жөніндегі кеңесші маман Нұргүл Серікқызы.

Бекем БЕКҰЛЫ.

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале