11.10.2018, 18:33
Оқылды: 46

«Қазақстан-2050» БҚО коалициясының үндеуі қабылданды

Облыстық мәслихатта Елбасы Жолдауын талқылау бойынша Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» БҚО коалициясының отырысы өтті.

IMG_2134

         «Нұр Отан» партиясының БҚО филиалының ұйымдастыруымен болған жиынға саяси партия, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері қатысты.

         -Мемлекет басшысы өз Жолдауында қоғамдағы көптеген өзекті мәселені көтергені белгілі. Сол жиында Нұрсұлтан Әбішұлы Үкімет мүшелерін орындарынан тұрғызып, тиісті мәселе жөнінде сұрағанына қарап, ол кісінің республика аумағындағы мәселелерді білетінін, оларды бақылауға алғанын байқауға болады. Жалпы бұл құжатты халықтық Жолдау деп санаған жөн. Себебі, онда қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне, яғни табысы мен тұрмыс сапасын арттыруға жете мән берілген. Елбасы осыған орай қысқа және ұзақ мерзімдерге арналған міндеттемелерді ұсынды. Бұл міндеттемелер ойдағыдай жүзеге асуы үшін бәріміз күш біріктіруіміз қажет. Біздің саяси көзқарастарымыз, ұстанымдарымыз әртүрлі болуы мүмкін, бірақ еліміздің жарқын болашағы жолында бірлесіп әрекет ететінімізге сенім мол,-деді жиынды ашқан «Нұр Отан» партиясының БҚО филиалы төрағасының орынбасары Гүлназ Құлжанова.

         Өз кезегінде сөз алған Қазақстан коммунистік халық партиясы БҚО комитетінің бірінші хатшысы Сүйінғали Ярлыгасимов партия тарапынан көптен бері көтеріліп келе жатқан мәселелер Елбасының осы Жолдауында кеңінен көрініс тапқанын айтты. Алдағы уақытта олардың оң шешімін табарына үміт зор.

         Облыстық мәслихаттың депутаты, БҚО ҚХА мүшесі Ляна Тұрсынова қазақстандықтар жыл сайын Елбасы Жолдауын асыға күтетінін жеткізді. Биылғы Жолдау әрбір қарапайым тұрғын үшін ол қолжетімді әрі түсінікті. Бұл құжатты оқи отырып адами капитал құндылығының артқанын байқауға болады.

IMG_2110

         "Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы" БҚО филиалы төрағасының орынбасары Мәншүк Ишімғалиева Жолдауда кәсіпкерлікті қолдауға үлкен мән берілгенін атап өтті. Бұл батысқазақстандық бизнес қауымдастық тарапынан қызу қолдау табуда.

         -Елбасы айтқандай, мүгедектігі бар адамдарға кедергісіз ортаны қалыптастыруға мән беру керек. Осы бағытта облысымызда біраз іс-шаралар атқарылуда. Өңіріміздегі 900-дей түрлі сауықту орындарында болуы, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы спорт клубтың құрылуы осыған дәлел болады. Алдағы уақытта мұндай игі істер қатары артырары сөзсіз. Жалпы біздің қоғам мүшелері де Жолдауда айтылған тапсырмаларды орындаудан сырт қалмайтын айтып, өздеріне міндеттемелер алып отыр,-деді БҚО мүгедектері ерікті қоғамының төрағасы Жұмажан Қожжанов.

         Жиында демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» БҚО коалициясының үндеуі қабылданды.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале