Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылдық округінде «Ашық әкімдік» шарасы және Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. Аталмыш шараға аудан әкімі Жанат Асантаев, аудандық дербес бөлімдердің басшылары мен жауапты мамандар қатысты.
Тұрғындар әр түрлі сала бойынша көкейлерінде жүрген сауалдарын арнайы келген мамандарға қойып, түйткілді мәселелері туралы кеңес алды. Мәселен, жұмыспен қамту саласын бойынша тұрғындар мәселе көтеріп, мамандар тұрғындар базынасын жауапсыз қалдырмауға уәде берді. Халықты мазалаған басты сұрақтар жұмыспен қамту, жер учаскелерін алу, құрылыс нысандарын тапсыру, тұрғын үй алуға кезекке тұру, тұрғын үй алу, жастарға арналған «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысу, материалдық көмек алу турасында болды.
Сулыкөлдегі шарада сол мезетте басшылыққа 29 тұрғын жолығып, өтініштері мен ұсыныстарын айтты. Мекеме басшылары көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, арнайы әзірленген жадынамаларды таратты.
Ажаргүл ӘЛИЕВА,
Қаратөбе ауданы,
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!