22.10.2018, 17:56
Оқылды: 55

Биыл БҚО-ның аудан орталықтарында да балабақшаға тіркеу автоматтандырылады

Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жаңа технологиялар арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды көздейді. 

 21ad961696104c7385322bffd4df23d7Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында: «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет» деген болатын.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы инфрақұрылымды дамытуға, адам капиталын жақсартуға, экономика саласын цифрландыруға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталады.

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру жүйесі негізгі бір бағыты.

Перзентіңізді енді балабақшаға электронды кезекпен тіркеп, орналастыра аласыз. Бұл жоба Орал қаласында 2018 жылдың қаңтар айынан, Бөрлі ауданында тамыз айынан іске қосылып, сәтті жүзеге асырылуда. Жылдың аяғына дейін аудан орталықтарының мектепке дейінгі ұйымдарын жобаға қосылуы жоспарлануда.

Кезекті басқару жүйесі өтініш берушінің арқылы кезекке қоюға өтініш беруге, берілген өтінішті өзгертуге, өтінішті кезектен қайтаруға, мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға жолдама алуға және оны жоюға, жолдаманың қолдану мерзімін ұзартуға, өтініштің өзгеру жағдайы туралы хабарламаны және жолдаманы алуға мүмкіндік береді.

Орал қаласы бойынша кезекке garden.bilim-oral.gov.kz, Бөрлі ауданы бойынша ddo.rooaksai.kz порталдарында немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп тұруға болады.

Кезектілік кезек әкімшісі бекіткен қала, ауыл, аймаққа сәйкес қалыптастырылады. Кезекті басқару жүйесінде тіркелген өтініштер баланың өтініште көрсетілген туған жылы бойынша түрлі кезекке, ал кезектіліктің ішінде өтінішті берген күнімен топтастырылады. Бос орындарға жолдамалар беру жас ерекшеліктерін  ескере отырып  жүзеге асырылады.

Бірінші кезекте орын алу құқығына ие өтініш берушілердің өтініштері кезектен тыс орын алу құқығына ие өтініштен кейін кезекке қойылады.  Бірінші кезекте орын алу құқығына ие өтініштер кезектен тыс орын алу құқығына ие өтініштерден соң кезекте (жалпы негізде) қандай да бір басым жағдайы жоқ басқа өтініштер арасында «үшке бір» қатынасында бөлу жолымен қойылады. Яғни басымдыққа ие өтініштер (бірінші кезекке ие) жалпы негізде берілген әр үш өтініштен кейін орналасады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №172 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 7-тармағына сәйкес бірінші кезекте орын алу құқығы келесі санаттарға беріледі:

1) заңды өкілдері мүгедек болып табылатын балалар;

2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балалар;

3) көп балалы отбасылардан шыққан балалар;

4) ерекше білім беруді қажет ететін балалар.

Өтініштерді кезекке қою келесі талаптар бойынша жүзеге асырады:

- Қазақстан Республикасы аумағында ешбір кезекте тіркелмеген өтініш;

- баланың жасы 7 (жеті) жастан аспаған;

- өтініш беруші баланың ата-анасы немесе оның заңды өкілі болуы.

Кезекті басқару жүйесіне өтініш беру үшін 2 ұялы телефон нөмірін жазып, ЖСН және мекен-жайы туралы мәлімет жазу қажет, өтініш беруші 15 минуттың ішінде балабақшаға кезекке қойылады. Бір тәуліктің ішінде өтініш берушіге тіркелу туралы СМС хабарлама келеді.

Айта кетейік, сайттан тек сәбилерді балабақшаға кезекке қойып қана қоймай, мектепке дейінгі ұйымдар туралы толық мәлімет алуға болады.

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру жүйесі цифрлық білім беру ресурстарын дамыту және коррупциялық құрамдаушыны болдырмау мақсатында  енгізіліп, жыл басынан бері осы жоба бойынша мыңнан астам балғын мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мекемелеріне орналастырылды.

 

Светлана ТЕМІРҒАЛИЕВА,

Облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта білімді дамыту бөлімінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале