25.10.2018, 14:32
Оқылды: 102

«Cараптама қорытындысы шықпай тұрып, түрлі пікір таратуға асықпау керек»

Жаңақала аудандық орталық ауруханасында 24 қазан күні ем қабылдап жатқан жүкті келіншектің  тағамынан құрт шықты деген ақпарат тараған болатынБұл оқиға бойынша аурухана директоры Шыңғыс Сәрсенғалиев біздің редакциямызға түсінік берді.

phoca_thumb_l_photo22Аурухана басшысының айтуынша, Жаңақала аудандық орталық ауруханасына тамақты тасымалдаушы болып "Жанали" ЖК аутсорсинг тәсілімен жылдың басында анықталған. 24 қазан күні таңғы асқа бидай ботқасы әкелінген. Кезекші дәрігер тамақты өзі тексеріп, сынамасы алғаннан кейін науқастарға берілген. Тамақ ішу кезінде науқас әйел тәрелкесінен бөгде денені анықтап, ас берушіге қайтарып берген.

Бұл жөнінде ас таратушы жедел кезекші дәрігерге, бөлімше меңгерушісіне, емдеу ісі жөніндегі орынбасарға хабарлап, таңғы ас бөгде денемен бірге акт жасалып алынып, санитарлық сараптама орталығына жіберілген.

-Сараптама қорытындысында алып келген тағам санитарлық талапқа сай болмай, бөгде  дене анықталатын болса, ауруханаға дайын тағам тасымалдаушы "Жанали" ЖК-мен келісімшартты бұзу жөнінде заң орындарына талап арыз түсірілетін болады. Бұл жөнінде "Жанали" ЖК-ге хабарлама жіберілді.

Ауруханаға тағам дайындап, дайын күйінде әкелуші "Жанали" ЖК басшылығы ауруханаға шақырылып, науқастармен кездестіріліп, түсіндірме жұмысы жүргізілді. Әзірге санитарлық сараптама қорытындысы шықпай тұрып, түрлі түсініспеушілік туғызатын пікірлер беруден аулақ болу керек деп есептеймін, -дейді Жаңақала аудандық орталық аурухана директоры Шыңғыс Сәрсенғалиев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале