25.10.2018, 17:35
Оқылды: 49

«Атамның аты – ауылға, көкемнің аты – көшеге» немесе ономастиканың өзекті мәселелері

Бүгін Жәнібек ауданында аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешовтың төрағалығымен ономастикалық мәселелер бойынша жиын өтті.

janibek akimat (2)

         Басқосуға БҚО тілдерді дамыту басқармасының ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпаратты бақылау бөлімінің басшысы Гүлнәр Әлжанова, ономастикалық жұмыс тобының құрамы және ауылдық округ әкімдері қатысты.

       - Ономастика мәселесі – тіл саясатының басты бағытының бірі әрі бірегейі. Себебі мемлекеттің, ұлттың сипаты, ең алдымен, оның тілі мен ономастикалық атауларынан көрінеді. Жұртшылыққа мәлім, отаршылдық кезде ұлттық ономастика жүйесінде көптеген жер-су атаулары өзгеріп кетті. Елді мекендер атын қазақшаға аударғанда көптеген сауал туындайды. Бұл ретте «Осы жердің адамы еді» деген өзімшілдік ұстаным мықты тірек бола алмайды. Мұндай жағдайда мемлекеттік ономастика комиссиясы бұл ұсыныстарды қолдамай, қайта қарауға жіберіп жатады. Жергілікті жерлердегі көпті көрген көнекөз ақсақалдармен тығыз байланыста жұмыс істесек, жақсы нәтиже шығады деп ойлаймын. Халықтың келісімінсіз беталды өзгертіп жіберуге тағы болмайды. Ел ішінде сол аймақта еңбек сіңірген елеулі тұлғалар бар. Бірақ олардың бәріне бірдей мектептің, мәдени нысанның атын «үлестіре» беру тиімді емес. Ондай құрметті, аса танымал тұлғаларды ұрпаққа үлгі етудің, еңбегін мақтан тұтып, есте сақтаудың жолы – бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялау, олар жайында кітап шығару, тағылымдық мәні зор басқосулар өткізу, бейнероликтер жасау. «Атамның аты – ауылға, көкемнің аты – көшеге» деген түсінік те бар. Кез келген ұсынылған атау жан-жақты қаралып, ономастика саласындағы заңдылықтар басшылыққа алынып, жұмыс жүргізген жөн, - Гүлнәр Жәрдемқызы.

Жиында ономастика мәселелеріне қатысты көптеген ой-пікірлер ортаға салынып, сауалдарға жауап берілді.

Гүлзара ТӨРЕҒАЛИЕВА,

zhaikpress.kz 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале