Бүгін партиялық бақылау аясында «Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері және «Бірлік» ЖШС-ның бас инженері В.Цой аудан орталығында ауылішілік жолдарға асфальт төсеу жұмыстарының барысымен танысты.
Олар Ғ.Қараш, Ш.Мәжитов, Ш.Шарафетдинов, Жеңіс көшелерін аралап шықты. Комиссия мүшелеріне бас инженер жолдың жөнделу технологиясын егжей-тегжейлі түсіндірді. Жөнделу жоспарланған 10 шақырым, ені 6 метрлік жолдың қазірде 70 пайызы аяқталған. Төселген асфальттың қалыңдығы 6 сантиметр.
Аталған жөндеу жұмыстары жобалық-сметалық құжаттамаға сай қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.
Гүлзара ТӨРЕҒАЛИЕВА,
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!