Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Ғалымов мемлекеттік қызмет саласының ардагері Қуандық Жакиевтің шаңырағына арнайы барып, Сырым ауданының «Құрметі азаматы» атағын табыс етті.
1968 жылдан 2014 жылға дейін ауданда абыроймен қызмет атқарған Қуандық Мешітқалиұлы өзі ісінің шебері, талапшыл, білікті басшы болды. Жемісті еңбегінің арқасында бұған дейін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне 10 жыл» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!