19.11.2018, 12:13
Оқылды: 67

Жәнібекте 59 жаңа жұмыс орны ашылды

Жаппай кәсіпкерлікті дамытуда Жәнібек ауданы бойынша биыл «Бастау Бизнес» жобасы аясында 6 топқа бөліп оқыту жоспарланды. Соның ішінде 5 топта 149 адам оқып, сертификаттарын алды. Осы уақытқа дейін оқыған азаматтардың 137-сі бизнес-жоспарларын қорғады.

 11ttt

- Жыл басынан күні бүгінге дейін кәсіпкерлікпен айналысуға шағын несие алу үшін 110 адам халықты жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, курстан өткендігі туралы сертификаты бар жұмыссыз 100 адам қаржыландыру үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамына жолданды. Қазіргі таңда 66 адам 190 млн. 550 мың теңге шағын несие алып, өз кәсіптерін ашуға және жұмыс жасап отырған кәсіпкерлер өз кәсіптерін одан әрі дамытуға мүмкіндік алды. Ашылған кәсіпкерлік нысандарында 59 жаңа жұмыс орны ашылды, - дейді аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрлыбек Төрешов.

Гүлзара ТӨРЕҒАЛИЕВА,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале