23.11.2018, 12:11
Оқылды: 58

Қамысты, Тау, Жәнібек округінде «Ашық әкімдік» шарасы өтті

 Облыс әкімінің тапсырмасымен аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жақсылық Абдолов бастаған делегация «Ашық әкімдік» шарасын Қамысты, Тау, Жәнібек ауылдық округінде өткізді.

IMG_0001

         Қамысты ауылында қабылдауға келген тоғыз тұрғынның сегізі жұмыс сұрап келді. Нақтырақ айтқанда, кей тұрғынға өз уақытында жұмыс берілген. Бірақ ішімдікке әуестігінен қызметтен босатылған. Сол сияқты Ә.Шатикова жұмыспен қатар балаларына киім-кешек жағынан көмек сұрады. Ал Б.Тоқабаева жерге қатысты мәселемен келді. Таулық С.Хамиев өзін, зайыбы мен баласын жұмысқа орналастыруды өтініш етті. Сонымен қатар жәнібектік Ғ.Шағыров аудандық пошта байланыс торабы жұмысының нашарлығын айтып, наразылығын білдірді. Айта кету керек, «Қазпоштаның» жұмысына тек Жәнібек емес, басқа да ауылдық округтердің шағымы жетерлік.

          Сондай-ақ Е.Қонбаев өзі тұратын көшеде жолдың жоқтығын айтып, үйдің жанында орналасқан электр бағанының ескіріп, апатты жағдайда тұрғанын тілге тиек етті. Н.Тажығалиев үй мәселесімен келсе, А.Мұталиева жұмыс тауып беруді өтінді.

         Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жақсылық Кәримоллаұлы тұрғындарды тыңдап, өзі және дербес бөлім басшылары аталған мәселелер бойынша жұмыстанып, шешімі табылатынын айтты.

Гүлзара Төреғалиева,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале