26.11.2018, 11:22
Оқылды: 49

Қаратөбеде танымдық кеш ұйымдастырылды

Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде ерекше білімді қажет ететін оқырмандарға арналған «Туған жер – тұмса тарих» тақырыбында әдеби кеш өтті.

 qaratobe (2)Дарынды дала перзенттері мекен еткен құтты өлкеден түлеп ұшқан өнер саңлақтары, ғалымдар мен даңқты адамдар жөніндегі ақпараттар ағынын бір арнаға тоғыстырған кітапхана әлемі – рухани құндылықтар мен бай мұраны жас оқырмандарға таныстырып, олар туралы терең мағлұматтар ұсынды.

Кешке арнайы келген облыстық арнаулы кітапхананың әдіскері Ақторғын Бауыржанқызы балаларға арналып жасақталған «Білім кілті – кітапта» көрмесімен және «Туған өлкем» атты  аудиожурналымен  таныстырды. Сонымен қатар брайл қарпі түрінде жазылған «Мақта қыз бен мысық», «Дәуіт пен қарлығаш» және иллюстрациялық суретпен безендірілген бірнеше кітаптың мазмұнына тоқталып өтті.

Кеш барысында оқырмандар арасында «Алтын бесік – туған жер» атты оқырмандар шеруі ұйымдастырылды.

Туған жерге арналған кештің екінші бөлімінде Мұхит атындағы мектептің психологы Гүлжихан Қобыланова оқырмандарға «Менің қолымнан бәрі келеді» тренингін өткізіп, қатысушыларды бір сегітіп алды.

Әдеби кешке арналған «Туған ел – тұғырың, Туған ел – қыдырың» көрмесімен кітапханашы Гүлжанат Алтайқызы ауданға арналған тарихи-танымдық анықтамалар, туған жерге арналған фото альбомдар, жерлес ақындардың туындыларын және «Біздің өлке» бұрышында танымал тұлғалар туралы, ауданның 7 кереметін таныстырып, библиографиялық шолу жасады.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале