Орал қаласында «Танцы без границ» атты республикалық бишілер байқауы өтті.
Оған облыс, аудан орталықтарынан бірнеше би топтары қатысты. Жәнібек ауданынан «Інжу» би тобының 10-15 жастағы бишілер «Ер Тұран» және «Алға Қазақстан» билерін орындап І орын алса, 7-8 жастағы бүлдіршіндер «Black and White» биімен ІІ орынды жеңіп алды. Жеңімпаз атанған топтарға диплом, медаль және естілік сыйлық табыс етілді. Ал «Інжу» би тобының жетекшісі Әсель Ержановаға «Өз ісінің шебері» кубогы берілді.
Лаура ҚАЙРАТҚЫЗЫ,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер